Аяз, жаңбыр, бұршақ: елде ауа райы күрт өзгермек

Алдағы күндері республиканың бірнеше өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ATPress.kz.

Синоптиктердің айтуынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, бұршақ жауады деп күтілуде. 

«26 мамырда түнде солтүстік-батыста қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Сондай-ақ еліміздің батысына солтүстік-батыс антициклон жотасы тарап, жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы аздап төмендейді деп болжануда» - дейді «Қазгидромет» мамандары. 

Метеорологтардың болжамынша, 24 мамырда түнде және таңертең орталықта, шығыста, 26 мамырда батыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521