Қазақстан Президенті кейбір тапсырмаларды WhatsApp арқылы береді екен

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тәсіл қауіпсіздік жағынан дұрыс болмағанымен, өте жылдам деп есептейді Қазақстан Президенті кейбір тапсырмаларды WhatsApp қосымшасы арқылы беретінін айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы студенттік шақта танысқан адамдармен араласасыз ба деген сауалға да жауап берді.

"Қазір олармен үнемі байланыста бола алмаймын. Ресейге келгенде кездесуге тырысамын. Бірақ қазір интернет бар, әлеуметтік желілерді де қолданамын. Тіпті кейбір тапсырмаларды WhatsApp арқылы беремін" деді Тоқаев "Россия" телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бұл қауіпсіздік жағынан дұрыс болмаса да, жұмыс өте жылдам жасалады. Сондай-ақ, ол Twitter-ді белсенді қолданатынын айтты.

БҰҰ-да істеген кезде осы желіге үйренген. "Ол ұйымда бәріміздің жеке парақшамыз болуы керек еді. Әрине, менде сол әдет қалды. Twitter-ді жеке телеграф агенттігі деуге болады" деді Президент.

Президент Instagram-ды да пайдаланатынын айтты.

"Бұл желіні Президент болған соң пайдалана бастадым. Маған парақша ашуға кеңес берді" деді ол.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT