Қазақ тілінің көкжиегін кеңейтеді

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қабылданғанына биыл бір жыл толды. Осы бір жыл ішінде қыруар жұмыстар атқарылды.

Бағдарламалық мақаласында Мемлекет басшысы көптеген маңызды жобаларды жүзеге асыруды атап көрсеткен болатын. Соның бірі – Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» жобасы. Әсіресе «100 жаңа оқулықтың» алғашқы он сегізінің жарыққа шығуы - сөз жоқ, тарихи оқиға. «100 жаңа оқулық» жобасы отандық білім беру саласының дамуына тың серпін береді.

Қазақ тілінің қолданыс аясын одан сайын кеңейте түсуге ықпалын тигізетін, қазақ тілінің ғылыми тілі ретінде, сараптама тіл ретінде, бизнестің тілі ретінде дамуына себеп болады. Елбасының тікелей бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан бұл игі істердің барлығы сапалы білім мен озық ғылым арқылы халықтың жағдайын одан әрі жақсартуға бағытталған.

Сондықтан жастарымыздың бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына, ана тіліміздің кең қанат жаюына және ең бастысы, отандық ғылымның өсіп-өркендеуіне мол мүмкіндік беретін жобаның алдағы уақытта да лайықты жалғасын табуына шын ниетіммен тілектестігімді білдіремін.

Жұмагүл МАШАЕВА,

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521