Ажырасушылар азайды

Сот тәжірбиесіне жүгінсек, ажырасудың негізгі себептері–ерлі-зайыптылардың тұрмыста бірін-бірі түсінбеуі, олардың біреуінің араққа, екіншісінің құмар ойындарға салынуы немесе опасыздық жасауы, зорлық-зомбылық көрсетуі, отбасындағы материалдық қиыншылықтар.

Кейбір әйел азаматтар жылдар бойы жұбайының зорлық-зомбылығына шыдап келсе, ал кейбіреулер себепсізден-себепсіз, болмашы нәрсеге ренжісіп қалып, сотқа жүгініп, ажырасып жатады.

Аудандық сотқа өткен жылдың он екі айында тараптардың араларындағы некені бұзу туралы 37 арыз түсіп, 23 арыз бойынша талап қанағаттандырылып, неке сот тәртібімен бұзылған, 14 азаматтық іс азаматтардың татуласуына байланысты қысқартылған, барлығы 37 іс аяқталған. Ал, 2016 жылдың он екі айында тараптардың араларындағы некені бұзу туралы барлығы 44 арыз түсіп, 41 азаматтық іс қозғалып, 32 азаматтық іс бойынша арыз қанағаттандырылып, тараптардың араларындағы неке сот тәртібімен бұзылған, 3 азаматтық іс соттылығы бойынша жолданған, 9 азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылған, барлығы 44 іс аяқталған.

Аталған 2016 және 2017 жылдардың он екі айлық есептік кезеңдерінде бала тәрбиесіне байланысты және баланың әкесінің талабы бойынша баланың тұрғылықты жерін белгілей отырып, неке бұзу, баланың тұрғылықты жерін белгілеу, баламен араласу тәртібін белгілеу туралы істер санаттары бойынша арыздар (істер) сотқа келіп түспеген. Тек қана ерлі-зайыптылардың араларындағы некені бұзу туралы талап арыздар келіп түскен. Аталған жылдары қаралған істерді зерделеп қарайтын болсақ, 2016 жылдың он екі айына қарағанда, өткен жылдың 12 айында некені бұзу бойынша сотқа келіп түскен талап арыздардың саны азайған. Сонымен қатар, неке бұзу туралы талаппен сотқа жүгінетіндердің басым бөлігі әйелдер болып табылады.

Бұл ретте, неке бұзу туралы талаптары бойынша ерлі-зайыптылар татуласқан ретте, заңнамада көзделгендей татуласу рәсімдерінің басқа түрлеріне қарағанда дауды (жанжалды) медиациялық келісіммен аяқтауға, оның ішінде сот медиациясына басымдық білдіріп, судья-медиатордың көмегіне жүгінген және медиация жүргізу нәтижесінде татуласып, дау реттелген де, іс тоқтатылған. Тараптарға мемлекеттік бюджетке төлеген баж алымдары қайтарылған. Дауды (жанжалды) реттеу бойынша сапа байқалады. Назар аударатын жағдай, процессуалдық заңнама талабына сәйкес, арыз сотқа келіп түсіп, өндіріске қабылданған соң дайындық барысында тараптарға құқықтары мен міндеттері түсіндірілген соң тараптар кәсіпқой немесе кәсіпқой емес медиаторларға жүгінбей, соттағы судья-медиаторларды таңдап алған. Бұдан да азаматтардың сотқа деген сенімінің артуын байқауға болады.

Мысалы,неке-отбасы қатынастары саласындағы азаматтық істер санаты бойынша талап қоюшы М.М.-нің жауапкер Е.Ғ-ке араларындағы некені бұзу туралы талабы бойынша арыз өткен жылдың қыркүйегінде сотқа келіп түскен. Сотта белгілі болғанындай, ерлі-зайыптылар 2014 жылы отбасын құрған, ортақ некеден кәмелетке толмаған екі ұл-қыздары бар. Тараптар жұмыс істейді, әлеуметтік және материалдық жағдайлары жақсы.

Алайда, екеуінің отбасылық өмірлеріне бөгде бір адамның араға түсуіне байланысты араларында түсініспеушілік пайда болып, нәтижесінде зайыбы (әйелі) сотқа жүгінген. Азаматтық істі дайындық кезінде қарау барысында олар өз құқықтарын пайдаланып, дауды реттеп, отбасын сақтап қалу ниетімен судья-медиатордың көмегіне жүгінген. Нәтижесінде, олар алдын ала сот отырысында медиациялық келісімдерін бекітіп беруді сұрап, сотқа ұсынған. Келіп түскен медиациялық келісімдерін судья қарап, заң талабына сәйкес болғандықтан соттың ұйғарымымен бекітіліп, іс тоқтатылған және тоқтату салдары тараптарға түсіндірілген. Осылайша бір отбасы өздерінің болашақ бақытын сақтап қалып отыр. Осыдан ақ, татуласу рәсімдерінің, оның ішінде медиациямен дауды реттеудің қоғамдағы алатын орны ерекше екендігін атап өтуге болады.

Сот аталған неке бұзу туралы талаптар бойынша татуласуға ниет білдіріп жатқан ерлі-зайыптыларға заңда көзделгендей татуласуға мүмкіндік береді және бұл мәселеге аса жауапкершілікпен қарап, істі толық зерттеп барып, шешім қабылдайды. Бұдан басқа аудандық сотының судьялары азаматтық істерді қарау барысында татуласу рәсімдерін қолдану бойынша, оның тиімді жақтарын, қол жеткізген келісімнің шарттары сақталмаған ретте оның салдарын тараптарға түсіндіріп отырады. Сондай-ақ, судьялардың тарапынан татуласу рәсімдері бойынша процестік заңнамада көрсетілген барлық талаптары сақталып, істер мерзімінде қаралуда. Істерді қарау барысында қандайда бір проблемалар туындамаған. Оның нақты айғағы өткен жылдың қорытындысы бойынша бойынша Исатай аудандық соты татуласу рәсімдерін қолдануда жоғары көрсеткішке ие болды.

Гүлнұр НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ,

аудандық соттың кеңсе бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521