Б.Нұрымбетов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Біржан Нұрымбетов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Б.Б. Нұрымбетовті Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындау туралы: Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын” деп жазылған жарлық мәтінінде.

Біржан Нұрымбетов 1968 жылы 19 наурызда Жамбыл облысында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін және Алматы экономика мен статистика академиясын тамамдаған.

Әртүрлі уақытта Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықты басқарды, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі және премьер-министр канцеляриясы жетекшісінің орынбасары болды. Жаңа тағайындауға дейін кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Бердібек Сапарбаевтың жаңа қызметке тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT