Б.Нұрымбетов: «Мекемелер дистанциялық жұмысқа көшуге міндетті»

Егер қызметкер күнделікті атқарып жүрген жұмысын онлайн атқара алатын болса, жұмыс беруші оны қашықтықтан жұмыс істеуге жіберуге міндетті.

«Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында мәлімдеді» деп хабарлайды BAQ KZ.

Үкімет мүшесінің айтуынша, қызметкерлер жұмысты қашықтықтан атқара алса, дистанциялық жұмыс режиміне көшуге міндетті.

Біріншіден, бүгінгі таңда барлық кәсіпорындар, мекемелер, қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшуге міндетті. Дистанциялық жұмысқа. Бұл Еңбек кодексінің 138-бабымен реттеледі. Қашықтық жұмысқа көшкен кезде жұмыстың еңбекақысын төлеу тәртібі өзгермейді. Бұл жерде азаматтың өзінің жұмыс орнында емес, үйден жұмысты атқыруға мүмкіндігі болады. Еңбек кодексі бойынша оған жұмыс беруші тиісті жағдай жасауына міндетті және де жалақысы атқарылған жұмыс бойынша өзінің ай сайынғы алып жүрген көлемінде төленетін болады, - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Қазақстанда коровирустың жаппай таралуының алдын алу мақсатында мемлекет басшысы ел аумағында төтенше жағдай жариялаған болатын. Осыған орай бүгін халыққа үндеу жолдап, Үкіметке әр сала бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521