Бағаны тұрақтандыру – басты талап

Бағаны тұрақтандыру да – бүгінгі күннің басты талабынан туындаған шаруа.

Осы жылғы ақпан айының бас кезінде аудан әкімі аудандағы 10 жеке кәсіпкер және 18 шаруа қожалықтары басшыларымен баға тұрақтандыру жөніндегі меморандумға қол қоюы да сол мақсатты көздеді.

Мамандар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында облыстық тұрақтандыру қорынан сәуір-мамыр айларына 4 тонна картоп және 8 тонна көкөніс түрлерін алу жұмыстары ұйымдастырылып, ауылдық округтерге бөліну кестесі бекітіліп берілгенін айтады.

Қазір аудан бойынша азық-түлік тауарларының 19 түрінің бағасына тұрақты мониторинг жасалып, бақылауда ұсталынып отыр. Күні бүгін ауданда 1 мал сою цехы мен 2 ет сататын дүкен тұрақты жұмыс жасауда. Сонымен қатар, ауданда 3 наубайхана жұмыс жасап, тәулігіне 1500-1600 дана нан шығаруда. Алты айдың қорытындысы ауданда жыл басынан бері аптаның жұма күндерінде 30 мәрте жәрмеңке ұйымдастырылғанын көрсетті. Оған Атырау қаласының кәсіпкерлері, Махамбет, Индер, Құрманғазы аудандарынан, Батыс Қазақстан облысынан көкөніс, сүт өнімдерін саудалаушылар келетін болды.Апта сайын тұрақты түрде өтетін болған азық-түлік жәрмеңкесіне «Амангелді» балық өндіру кооперативі де үнемі қатысып, келушілерді арзан балық өнімдерімен қамтуға септесуде.

Жоламан Дәулетияр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521