Бағдарламашылар сыныбы ашылды

Жаңа партиялық жобаларды және Елорданың 20 жылдық мерейтойы мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасы жобасын насихаттау мақсатында облыстың барлық аудандарында өткізіліп жатқан «Бірыңғай партия күні» шарасы ауданымызда да өтті.

«Жалын» мәдениет үйінде облыстық, аудандық мәслихат депуттары, атқарушы билік өкілдері, ардагерлер, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысуымен актив жиыны өткізілді.Жиынды жетекші партияның аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Марат Мурзиев жүргізді. Алдымен «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев бүгінде партияның пәрмені артқанын атап өтті. Сонымен бірге, алда тұрған мақсат-міндеттерге шолу жасап, атқарылған жұмыстар ауқымды екенін жеткізді. Еліміздегі стратегиялық бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыруға жүйелі түрде қатысуға бағытталған «Нұр Отан» партиясының жаңғыру құндылықтарының жаршысы ретінде жаңа жобалары қолға алынып отырғандығын және партияның бас-тамасымен және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдауымен рес-публика бойынша ашылатын 1000 ІТ-сынып пен 20 ІТ-орталықтың маңыздылығына тоқталды. Жиында сондай-ақ облыстық мәслихат депутаты, «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Баязи Әбдешев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бағытында облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар легіне жеке-жеке тоқталды.

Оның айтуынша, Атырау облысында «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 3892 пәтерлі 44 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, оның 34-і, яғни 2164 пәтердің биылғы жылдың аяғына дейін берілуі жоспарланған. Соңғы 6 жылда жергілікті бюджеттен 1,7 млрд. теңге бөлініп, ауылда 600-ге жуық жаңа жұмыс орындарының құрылуымен, 300-дей бизнес нысандары ашылған. Шара аясында «Нұр Отан» пар- тиясы Атырау облыстық филиалы Саяси жұмыстар бөлімінің басшысы Данагүл Жайлаубаева «Партияның жаңа жобалары» бойынша баядама жасаса, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Бірлік» БПҰ төрағасы орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы саясаттанушылар орталығының мүшесі Баянсұлу Тыныбаева «Астананың 20 жылдығы туралы» баяндамасында Елорда тарихынан сыр шертіп, бас қаланың өркендеуі жолындағы жетістіктері жайында айтты. Актив жиналысы соңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақтолқын Ахметжанованың мәлімдемесі тыңдалып, партия ардагерлері Аяпберген Мұханбетов, Бекболат Мусин және Балғаным Қайырлиевалар партияның Алғыс хатымен марапатталды. Абай атындағы орта мектептегі IT сыныбының салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Марат Мурзиев пен «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев құттықтау тілектерін білдіріп, сыныптың ашылу лентасын қиды. Заман талабына сай оқушыларды қызықтыратын анимациялық ойындар арқылы жаңа бағдарламаларды үйреніп, техника тілін меңгеруге мүмкіндік беретін мектептегі екі сынып арнайы құрал-жабдықтарымен толықтырылған. – Ауданымызда «Нұр Отан» партиясының бастамасымен балалар үшін IT-сыныптың ашылуы елдің бас партиясының ерекше қамқорлығы деп білемін. Бұл заман талабына сай ашылған арнайы сыныптың 8 жастан бастап балаларды қабылдауы көңіл қуантады. 8 жастағы немеремнің жаңа технологияларды жетік меңгеріп, білімін шыңдап, болашағына бағдар алып шығарына сенімдімін,-дейді Аққыстау ауылының тұрғыны, зейнеткер Надежда Құрманғалиева.

Әйгерім Құбаева

Суреттерді түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521