Бағымсыз мал – ұрылар жемтігі

Аудан көлемінде мал ұрлығына байланысты қылмыстық істердің көбі мал жайылымынан болған ұрлықтар болып есептеледі.

Осыған байланысты мал ұрлығының алдын алу және аудан көлемінде тіркелген малы бар азаматтардың малын бағу мақсатындағы үш жақты ынтымақтастық меморандумы жасақталды. Дегенмен, төрт аяқты хайуан мен екі аяқты адам кезек-кезек жалмап тұрған уақытта мал ұрлығының алдын алу үшін ауыл шаруашылық жануарларын бағымсыз жайылымға жібермеу қажет, себебі малдардың көбі далада бағымсыз жүрген жерінен ұрланады. Күн сайын кешкі және түнгі мезгілде дала жайылымынан түгендеп, үйге айдап келіп, қора-жайға қамау керек. Ауыл шаруашылық жануарларын уақытылы және толық бірдейлендіре отырып, шаруа қожалықтарға жұмысқа қабылданған мал бақташыларымен еңбек келісім-шартын және материалдық жауапкершілік шартын жасасу қажет.

ҚР-ның 2010 жылғы 19 наурыздағы «Ауыл аймақтарында агрокәсіптік кешендерді жетілдіру және мемлекеттік реттеу» туралы Заңының 7-бабында «жергілікті әкімшіліктердің құзыретіне ауыл шаруашылық жануарларын жайлауда бағылуы және олардың күтілуі кіреді» деп көрсетілген, сонымен қатар ауыл шаруашылық жануарларын бедерлеу де қаралған.

Аудан тұрғындарының қаперіне тасымалданатын малдың тиесілігін тексеру мақсатында жедел жорықтар өткізіліп тұрады. Ел үкіметінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі №1230 қаулысына сәйкес тасымалданатын мал мен ет өнімдеріне арналған құжаттар (ауылдық округтен анықтама, Ф-1, Ф-2 нысанындағы ветеринариялық анықтама) міндетті түрде болуы тиіс. Егер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 406-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады.

Әлібек САҒЫНДЫҚОВ,

аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521