Байқаушылар не дейді?

Біз Қамысқала ауылдық округінде орналасқан №128-ші және аудан орталығындағы №134-ші учаскелік  референдум комиссиясында да болып, сол күнгі дауыс беру барысының қалай өтіп жатқанын білген едік.

«Аманат» партиясы аудандық филиалы атынан келген байқаушы Талғат Сатыбаев:

- Атап өтуіміз керек, референдум Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес ұйымдастырылған. Пратиялар мен қоғамдық бірлестіктердің  байқаушыларының кедергісіз жұмыс жасауына барлық жағдай жасақталыпты. Тағы бір байқағанымыз, дауыс беруге келіп жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары көтеріңкі көңіл-күйде асқан белсенділік танытуда. Бұл күн – Қазақстанның саяси- экономикалық, әлеуметтік рухани дамуының жаңа белесі болып қалатынынан үмітіміз мол. Жалпы, референдум қабылданған тиімді нормаларға сай өтіп жатқанын баса атап өткіміз келеді, - десе,

«Партияда емес байқау орталығының» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының өкілі Сенар Жиендиева:

-Бүгін таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап, №134-ші учаскіде дауыс беру қалай өткізіліп жатқанын сырттай бақылап отырдық.Әзірге ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ.11.00-де 424-ге жуық адам дауыс берді. Учаскеде талаптар сақталған. Біздің міндетіміз-заңның сақталуын қадағалау. Ауыл тұрғындарының  бәрі де референдумға үлкен дайындықпен келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Мұның өзінен біз жерлестеріміздің жоғарыда аталған мемлекеттік саяси оқиғаға  көзжұма  қарай алмайтындығын байқадық. Бір сөзбен айтқанда, учаскемізде  республикалық  референдум өз дәрежесінде өткізілуде. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT