Байланыс операторлары тарифтер бағасын қымбаттатады

Байланыс операторлары "Үйдегі Интернет" пен кабельді теледидар тарифін қымбаттатады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

1 тамыздан бастап еліміздегі кейбір байланыс операторлары "Үйдегі Интернет" пен кабельді теледидар тарифтерін қымбаттатады. Яғни бұрыннан келе жатқан тарифтік жоспарлардың шарттары өзгереді. Әзірге құны қанша процентке көтерілетіні туралы нақты ақпарат жоқ.

Байланыс тарифтеріндегі өсім Ресейде де байқалады. Мұнда үйдегі интернет ақысының жылдық өсімі 15 процентке дейін жетеді. Сарапшылардың айтуынша, карантин кезінде тұрғындар көп уақытын интернетте отырумен өткізді. Жүктемесі ауыр контенттерді қолдана бастады.

Сондықтан байланыс операторлар тиімсіз ескі тарифтердің құнын өсіру арқылы тұтынушыларды жаңа тарифтерге ауысуға итермелейді.

Сурет: ашық дереккөзден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521