Байланысшылар «Сенімді қабылдауды» қамтамасыз етуге дайын

Атырауда Халықаралық Армия ойындарына дайындық аясында «Сенімді қабылдау» байқауына қатысу үшін әскери қызметкерлерді іріктеу басталды.

Іріктеу кезеңінде әскери байланысшылар өздерінің далалық дайындықтарын, қазіргі заманғы радиостанциялар мен аппараттық кешендерде жұмыс істеу қабілеттерін көрсетулері керек.

svaz22

Қатысушы команда сегіз адамнан тұрады. «Сенімді қабылдау» және «Сенімді тарату» кезеңдерінде әскери байланысшылар арнайы жабдықталған сыныпта телеграф кілтін қолдана отырып радиограммаларды қабылдайды және таратады. Қараңғы уақытта «Радио бағдарлау» кезеңі өтеді, әскери қызметшілер портативті радио бағыттағыш көмегімен тексеру нүктелерін іздейді.

220221

Іріктеудің маңызды кезеңі «Әскерилендірілген эстафета» деп аталады, мұнда командалық штабтык байланыс көлігін құру және арнайы нормативтерді орындау қажет.

Байқаудың соңғы кезеңінде - «IT-құрылымның жабдықтарында жұмыс жасау» барысында әскери байланысшылар жартылай муфталарды оптикалық кабельге қосып, дәнекерлеп, оптикалық талшықтардың сөнуін өлшейді.

«Бұл байқауға мен екінші рет қатысып отырмын. Бір жыл бойы теориялық білімімді шыңдап, кәсіби шеберлігімді арттырдым. Өз алдыма Қарулы Күштердің құрама командасына кіру мақсатын қойып отырмын» дейді бөлімші командирі сержант Ринат Жупканаев.

Іріктеу нәтижелері бойынша Қарулы Күштердің чемпионатына қатысу үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы құрылатын болады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521