Балаларды отпен ойнауға әдеттендірмеу керек

Өрт оқиғасының көбі балалардың отпен ойнауынан яғни, сіріңке жағып ойнауынан болатыны кездейсоқтық емес.

 

Бұндай өрт оқиғалары өте қауіпті. Ол балалардың қатты жарақат алуына, кей кездерде балалар өліміне әкеп соқтыруы мүмкін.

 

Исатай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Осындай қатерлі оқиғалардың алдын алу үшін ата-аналар төмендегідей талаптарды орындау керек екенін ескертеді:

балаларды үйде жалғыз қалдыруға, әсіресе үйде балалар бар кезде есікті сыртынан құлыптап кетуге болмайды;

балаларға жанып жатқан пешке, электр жылытқышқа, керосин лампасына қарауға тыйым салу керек;

балаларға электр пештерді, телевизор, магнитофондарды қосуға рұқсат етпеу керек;

балаларға сіріңкемен ойнауға тыйым салу және сіріңкені балалар ала алмайтын жерде сақтау қажет;

 

Мұнымен қатар төсекте жатып шылым шегу, бұзылған немесе бақылаусыз электр құралдары, отқа жіті көңіл бөлмеу, т.б. жағдайлар үйден өрт шығуына ықпал етеді.Балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі – терезеден құлау оқиғалары. Балалар табиғи қызығушылықпен ашық терезе алдында қауіп-қатерге бейім болып келеді. Әсіресе 3-7 жастағы балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсінетін жаста емес, үлкендердің ешқайсысы оларға бұл жағдай туралы түсіндірмейді.

 

Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұраймыз.

 

Исатай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді.

Балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтауымыз керек?

1. Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен, өз назарыңызды басқа нәрсеге аударған мезетте балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.

2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеңіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT