Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғайық

Балалар - еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып, осы өңірде өз орнын таптыру - әр ата-ананың міндеті.

Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынас, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра.

Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы -  баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекі, ішімдікке үйірлік, бұзықтық жолға түсіп, зорлық-зомбылық жасауға мүмкүндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасының зиянын тигізеді. Салауатты өмір сүрудің бір негізгі - зорлық-зомбылықтан аулақ болу.

Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын, қоршаған ортадан алады. Сондықтан жаман әдеттен аулақ болған жөн. Сонымен бірге әр баланың 10 түрлі кеңесті білгені жөн:

1) әрдайым дастархан басында ата-анамен бірге отыру

2) отбасы мүшелері арасында пікір алмасу

3) отбасында назарды жақсы жаққа аудару

4) қажет болған кезде қастарынан табылу

5) ата-анамен үнемі жақсы қарым-қатынаста болу

6) отбасы мүшелері арасында мақтаулық қошемет жасау

7) отбасы мүшелеріне тосын сый жасау

8) кешірімді болу

9) өз қуанышың мен қайғыңды отбасыңмен бөлісу

10) өмірлік мақсатты еске сақтау

Осы кеңестерді ұстанған балалардың болашағы зорлық-зомбылықсыз өтері хақ. Баланың отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алу ата-анаға байланысты, соның ішінде кейінгі өзге ортадағы бала тәрбиесінің негізі-мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі мен өзара тығыз қарым-қатынаста болуымен негізделеді.

Исатай ауданы бойынша зорлық-зомбылық көрген жасөспірімдер жоқ. Мектеп инспекторлары білім беру ұйымдарында әр өткен жедел іс-шара, акциялар кезде зорлық-зомбылық тақырыбында дәрістер оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

А.ЖОЛЫМБЕТОВА,

Исатай АПБ ЖПҚб-нің ЮПТ-ң УПИ-ы полиция капитаны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT