Балаларыңызға сақ болыңыз

Қазіргі таңда суға кету фактісі (жазғы демалыс кезінде өзен, көлдерге), жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақаттар, терезенің тор сеткасынан құлау, бұралқы иттерге қабылу, т.б. балалар өміріне қауіпті оқиғалар жиірек орын алуда.

Балалардың демалысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналар төмендегі ережелер мен талаптарды сақтаулары керек. Есте сақтаңыз! Өз балаңыздың қайда, кіммен жүргені туралы үнемі біліп жүріңіз, барған орнын бақылаңыз; бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салыңыз; балаңыздың құқықтары бар екендігін түсіндіріңіз; Жол-көлік оқиғасының құрбаны немесе себепші болмауы үшін жолда жүру ережелерін үйрету қажет, жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуды үйретіңіз; балалармен ойын және спорт алаңында, табиғатта серуендеуге шыққан кезде қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз. Суда ойнау мен жүзу баланың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызады. Сол себепті балаңыз суда болған уақытта одан көз жазып қалмаңыз, басқа нәрсеге алаңдамаңыз, сол сәттегі минут қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін. Балаларға суда жалғыз шомылуға, сонымен қатар білмейтін жерде сүңгуге болмайтындығын міндетті түрде ескертіп отырыңыз. Оттан сақтандырыңыз. Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға балалардың назарын аударыңыз; сөндірілмеген темекі қалдықтарын, сіріңкелерді, табиғат аясында қоқыс немесе шөптерді өртеуде, тұрмыстық құралдарды, пештерді пайдалануда абай болсын. Негізінен балалар табиғатынан бейқам және сенгіш келеді. Сондықтан оларға ерекше көңіл бөлген дұрыс.

Айсұлу ТЕЛЕУБАЕВА,

АІІБ аға учаскелік инспекторы,

полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521