Балық инспекторы балықпен ұсталды

Ақпанда ҰҚКД қызметкерлері Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының инспекторын ұстады.

Облыстық прокуратура хабарлағандай, оның қызметтік көлігінен бекіре тұқымдас және қара балық табылған.

Аумақтық инспекцияның баспасөз қызметінде ұсталу фактісін растады және кейбір ақпараттарды нақтылады. Инспекция хабарлағандай, 14 ақпанда Атырау облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері қызметтік көлігімен келе жатқан теңіз испекциясы бөлімінің инспекторын ұстап, жүк салғыштан жалпы салмағы 3 келі 300 грамм болатын бекіре тұқымдас екі балық тапты. Тінту кезінде оның үйіндегі тоңазытқыштан салмағы 1 келі 300 грамм болатын бекіренің басы шыққан, алайда инспектордың жұбайының айтуынша, ол оны өткен жылдың қараша айында қаладағы суперматкеттердің бірінен заңды негізде сатып алған екен.

– Біздің үш қызметкеріміз ұсталды деген қауесет тараған, алайда олай емес. Бұдан басқа, инспектордың мекенжайындағы уақытша баспанада тұрып жатқан оның отбасының таныстарынан балық аулауға арналған тор тәркіленген, оның иесі «Тілекші» ЖШС балықшысы болып шыққан және ол бұл фактіні растады, - деп хабарлады аумақтық инспекцияның баспасөз қызметі.

Қазір Атырау облысы полиция департаменті балық инспекторына қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлімі 4-тармағы (Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

azh.kz

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521