Бақылаушының пікірі оң

Референдум аяқталуға екі сағат қалды.

Осы ретте, №180 референдум учаскесінде 1500 -ден астам тұрғын дауыс беріп үлгерді. Таңғы сағат 7-ден бері референдумның өту барысын қадағалап отырған бақылаушы Алтай Тойлыбаев референдумға жан-жақты хабардар болып келген тұрғындар сауаттылықпен дауыс беріп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар, Ақкөл ауылдық округіндегі №181 референдум учаскесінде де дауыс беру талапқа сай өтуде. Мұнда 800-ге жуық ақкөлдік өз таңдауын жасапты. Халық дауыс беруге жақсы көңіл күймен келуде дейді аталған учаске бақылаушысы Сәлімжан Ғалымжанұлы. «Тұрғындар өз еркімен, еш қысымсыз дауыс беріп жатыр. Сондай-ақ, референдум барысында құқық бұзғандарды байқаған жоқпыз»,-деп мәлімдеді бақылаушы.

Ал, осы округтегі № 182 сайлау учаскесінде 730 тұрғын өз таңдауын жасады.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT