Бар жақсылық - балаларға

Тәуелсіз Қазақстанда әр баланың орны бөлек, олар бейбітшілік пен тыныш қоғамда өмір сүруге лайықты.

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні қарсаңында, Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Болат Көшқалиевтің басшылығымен тергеу және анықтау саласының қызметкерлері қаладағы № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады.

Полицейлер балаларға аниматорлық шоу мен тәтті сыйлықтар сыйлады. Тәртіп сақшылары тарту еткен тосын сыйға қуанған бүлдіршіндер өз ризашылықтарын көтеріңкі көңіл-күйлерімен жеткізді.

Полиция қызметкерлері балаларға ізгі тілектерін арнап, ел тәуелсіздігінің маңызы мен мәртебесі туралы айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521