Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі таңда көптеген елде кеңінен бел алып, қоғамның дамуына қатер төндірген қылмыстың бірі. Оның кез келген көріністері қоғамның барлық саласына өзінің келеңсіз әсерін тигізеді. Ал осы көріністерді туындатқан салдарлар мемлекеттік үдерістің қарышты ілгерлеуіне кедергі келтіріп қана қоймай, сондай-ақ, мемлекет билігінің беделіне нұқсан келтіреді.
Жемқорлық тұрғысында орын алып жатқан келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтың парызы деп есептеймін. Осы секілді ауыр қатерді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күш-жігерімен ғана емес, азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп жеңу керектігін алға тартқым келеді. Алайда, қазіргі таңда аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы көптеген іс-шара атқарылуда. Атап айтқанда, аудан әкімі аппараты басшысымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына жол беретін себептер мен жағдайларды болдырмау» мақсатында 2023 жылға арналған ішкі талдау жүргізудің жоспары бекітіліп, өткен жылғы тамыз айының 18-31 аралығында аудан әкімі аппаратына және дербес бөлімдерге ішкі талдау жүргізілді.
Оның тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленіп, аудан әкімі аппаратының, 8 дербес бөлімнің интернет парақшаларына талдамалық анықтама мен іс-шаралар жоспары орналастырылды. Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен жылы 12 түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Оған қарсы заңнама нормаларын сақтау бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың (әкімшілік және қылмыстық) және мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылықтардың жасалған фактілерінің, бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілерінің мониторингі жүргізіліп, құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар анықталған жоқ, сонымен қатар, аудан әкімдігінің мемлекеттік 30 қызметкерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту бойынша сертификаттары табыс етілді.
Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өткен жылдың 5 қазан күні «Таза қол», «Сыбайлас жемқорлықсыз жарқын болашақ!» акция-сы өткізілді. Аталған шараға Аққыстау және Абай мектептерінің 8-11 сынып оқушылары, аудан жастары және мемлекеттік қызметшілер қатысты. Акция бойынша шеруге қатысушылар аудан әкімдігінің алдынан басталып, «Қазақ елі» саябағында орналасқан «Шаңыраққа» дейін жүріп өтті. Ағымдағы жылы облыс әкімі аппаратының басшысымен 2024 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілік базалық бағыттың жүзеге асырылуы бойынша жоспар бекітіліп, соған сәйкес аудан әкімі аппаратының басшысымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жол беретін себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында 2024 жылға арналған ішкі талдау жүргізудің іс-шаралар жос-пары» бекітілді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халық даналығы айтқандай, біз, мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік саясатты жақтап, оның орындалуына басты себепкерміз. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.
Нұрым МУСИН,
Исатай ауданының әкімі