Бас мүфти Атыраудағы діни оқу орталығы жұмысына сәттілік тіледі (+ ВИДЕО)

Атырау қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Құран жаттау және діни сауат ашу орталығы ашылды.

Діни орталық жұмысына сәттілік тілеген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Алла Тағала осы орталықтан Құранды толық жаттаған қарилардың шығуын нәсіп етсін. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқандай, адамдардың ең жақсысы – Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендер. Қарилар ең әуелі Алланың құрметіне бөленеді. Оның панасында болады» деп атап өтті.

{ytvideo https://youtu.be/CQLqyY1tZKk|16:9}

Айта кетсек, «Иманғали» мешітіне қарасты Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында бір мезетте 30 адам тәлім алады. Ғимаратта асхана, жатақхана, ұстаздар бөлмесі, қонақ бөлмесі және дәрісхана бар.

amin.kz

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521