Баспана кезегінде тұрғандар жыл сайын түгенделеді

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрақты түрде аудан бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың есебін жүргізіп келеді.

Ол мемлекеттік қызмет мынандай санаттар бойынша бөлінеді: Ұлы Отан соғысының ардагері немесе оған теңестірілгендер, жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалған тобы, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апаттық жағдайда деп танылған азаматтар.

Осылардың ішінде, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалған тобының өзі жекелеген санаттарға бөлінеді. Оларға Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1309 қаулысымен бекiтілген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар, жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер, кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ оралмандар, экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар, көпбалалы отбасылар; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары, толық емес отбасылар жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер бекітілген регламент бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы қабылданып, аудандық әкімдік жанынан құрылған тұрғын үй комиссиясымен қаралып, комиссия шешімімен заңдылыққа сәйкес өтініш берген азамат кезекке қойылып немесе кезекке қойылудан бас тарту арқылы жауабы беріледі.

«Тұрғын үй қатынастары» Заңының 71 бабының 5 тармағына сәйкес, кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізіліп келеді. Түгендеу жұмыстары әр жылдың бастапқы үш айында жүргізіледі.

Осы аталған қызмет негізінде кезекте тұрған азаматтарға 2015 жылы 60, 2017 жылы 60 отбасына жалдамалы пәтерлер берілді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып жатқан көпқабатты үй құрылысы алдағы уақытта салынып жатса, қолданыстағы Заң шеңберінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға пәтерлер берілетін болады.

Болатбек СИСАТОВ,

аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521