«Батыс» барлаушылары қалалық ұрыста шеберліктерін шыңдауда

«Қарабатан» оқу полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлау бөлімшелері жауынгерлік атыс жүргізуде.

Барлау бөлімдерінің жаттығулары взводтардың жауынгерлік атыстары аясында өткізілуде. Әскери қызметшілер барлау және іздестіру жұмыстарымен, торуылдаумен, рейдпен және қалалық ортада барлау жүргізумен айналысады.

f

Мұндай жаттығулар барлық әскери қызметкерлерге, әсіресе мерзімді әскери қызметшілер үшін үлкен қызығушылық тудырады. Солардың бірі - өткен күзде әскер қатарына шақырылған қатардағы жауынгер Медет Көпжасаров. Қысқа уақыт ішінде ол өзін сенімді барлаушы ретінде көрсете алды. Бүгінде ол взводының сенімді сарбазы және әр дайындық сжаттығуларында оған ең жауапты міндет жүктеліп отырады.

- Біздің әрқайсымызға нақты тапсырмалар беріледі. Мұндай жаттығуларға біз бірінші рет қатысып отырған жоқпыз. Бүгін жаттығудағы басты назар ғимараттың тазалануына, «содырларды» ұстап алуға және іздеуге аударылды. Содан кейін, түнгі уақытта біз тұтқиылдан шабуылды ұйымдастырдық» дейді Медет. Қысқы даярлық кезеңінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлау бөлімшелерімен 700 сағаттан астам взводтардың жауынгерлік атыс практикалық сабақтары өткізілетін болады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521