«Батыс» өңірлік қолбасшылығында балалар арасында суреттер байқауының қорытындысы шықты

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Отан қорғаушылар күніне арналған сурет байқауын өткізді. Қатысушылар 200-ден астам жұмыстарды ұсынды.

Жас суретшілер өз жұмыстарын үш номинация бойынша ұсынды: «Менің әкем - батыр», «Қазақстан - әлем елі», «Біз батырлардың ерліктерін еске сақтаймыз».

7fd2b86d-70fd-4f4f-9ca3-8bae5c973f1c

Шығармашылық жұмыстар 3-тен 6 жасқа дейін, 7-ден 13 жасқа дейін және 14-тен 17 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша бағаланды. Байқаудың мақсаты - жас ұрпақты отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке, өз тарихына деген мақтаныш рухында тәрбиелеу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды жастарды қолдау және өз елдерінің тарихын зерттеуге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

c8c75ecc-de19-43a6-9844-63ea761f7400

- Шығармашылық жұмыстар түрлі-түсті немесе «граффити» стилінде жасалды. Олар байқау тақырыбына сәйкестігі, авторлық шешімнің ерекшелігі және орындалу сапасы бойынша бағаланды, - дейді әскери қызметкерлердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтің бастығы Эльвира Ақынбаева.

Әділқазылар алқасының шешімімен Лимара Мадиева, Жасмин Асилова, Василиса Журавлева, Нұрдана Эрнст және Нұрасыл Лесхан салған суреттер үздік деп танылды.

Облыстық кезең жеңімпаздарының жұмыстары елордаға жіберілді. 2021 жылы 5 мамырда нәтижелер шығарылып, байқау жеңімпаздары өз марапаттарын алатын болады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика