«Батыс» өңірлік қолбасшылығының қатары толықты

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері Күзгі шақырылым барысында келген жас сарбаздармен алғашқы әскери дайындық басталды.

Биылғы жылы еліміздің барлық аймақтарынан 600-ге жуық бозбала әскер қатарына шақырылды. Жас толысымның әскери бөлімдерге келген кезде оларға барлық жағдайлар жасалды, тәжірибелі офицерлер мен сержанттар құрамынан алдын ала оқу жиынының әкімшілігі тағайындалды. Әкімшілік құрамы оларға жаңа жағдайларға бейімделуге көмектеседі және әскери істің негіздерін үйретуде. Әскери бөлімдерге келгеннен кейін сарбаздарды бөлімнің басшылық құрамымен таныстырды, оларға қызмет ететін әскери бөлімнің құрылу тарихы мен жауынгерлік жолы туралы айтылды.

soldat-2-min

Жастардың алғашқы әскери дайындығын жетілдіру бірнеше кезеңнен тұрады және 24 күнге созылады. Оқу-жаттығудың осы кезеңінде сарбаздар әскери қызметтің мәні мен мақсатын меңгеруі, бөлімнің күн тәртібін, регламентін және әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін, кезекшілік қызметтің міндеттерін жаттайды. Сонымен қоса, жеке қару-жарақ пен әскери техниканың жалпы құрылымын, жауынгерлік мүмкіндіктерін, дене шынықтыру жаттығуларын орындауды меңгеруі керек» дейді жас сарбаздар жиынының бастығы майор Ринат Шарипов.

sarbaz-3-min

Атырау гарнизонының әскери бөліміне болашақ барлаушылар шақырылған болатын. Іріктеу барысында олардың барлығы мұқият медициналық және психологиялық іріктеуден өтті.

ascer-7-min-1

«Мен әскерге өз қалауым бойынша келдім. Барлығымызда барлау бөліміне түскенімізге өте қуаныштымыз. Сарбаздар атыс, тактикалық жаттығулар мен кешенді дене даярлығын басталуын тағатсыздана күтуде. Алайда командирлер мен нұсқаушылар бізді бәріне кезең-кезеңімен дайындап жатыр. Бұл жерде біз үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Әскери өмірге деген барлық оң үміттеріміз толық ақталып келеді» дейді қатардағы жауынгер Айбар Омаров.

Әскерге шақырылушыларды салтанатты антқа шақыру еліміздің Тұңғыш Президенті күніне орай ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына жоспарланған. Осы кезден бастап олар өз елінің толыққанды қорғаушылары болып саналады.

Атырау гарнизонының баспасөз қызметі

Байланыс: +7-777-641-11-72

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521