Батыстағы әскери бөлімдер дабыл бойынша көтерілді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жауынгерлік дайындықтың жоғарғы деңгейіне келтірілуімен жаңа оқу кезеңі басталды.

e98a2769

Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының әскери бөлімдерінде жеке құраммен мемлекеттік және құқықтық дайындықтан сабақтар өтті. 1-3 маусым аралығында әскери бөлімдер тактикалық-саптық жаттығуларын өткізеді, оның барысында жеке құрам дабыл бойынша көтеріліп, жауынгерлік әзірліктің жоғарғы деңгейі болған кезде командалық-басқару органдарының үйлесімділігі тексеріледі.

e98a2815

- Өткізіліп жатқан шаралардың басты мақсаты - әскерлерді жауынгерлік-жедел басқару және басқару жүйесін жетілдіру. Жауынгерлік дайындық аптасы кезінде өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдеренің біз берілген тапсырманы уақытында орындай алу мүмкіндіктерін тексеріп, бағалай аламыз, - деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы жедел бөлімінің бастығы полковник Талғат Кенжетаев.

e98a2782

Осы уақытта әскери бөлімдерде жылжымалы және стационарлық командалық пунктілер құрылып, байланыстың және коменданттық қызметтің барлық түрлері ұйымдастырылатын болады. Жазғы дайындық кезеңінде жеке құрамның алдына жауынгерлік дайындық деңгейін одан әрі арттыру міндеті қойылған.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521