Базардағы баға қандай?

Әр жұма сайынғы әдетпен өткен аптада ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Онда жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары ет, сүт, шұжық, балық, көкөніс, жеміс, тауық жұмыртқасы, бал, тосап, кондитерлік өнімдерін халыққа тиімді бағамен ұсынды. Мысалы, Атырау қаласынан келген «Амангелді» кооперативі сазан балығының келісін - 750, балық котлетін - 1500, қуырылған сазанды - 1750, тартылған сазанды - 1000 теңгеден және одан басқа қақталған, ысталған 10-нан астам балық түрлерін ұсынса, «Маруся» жеке кәсіпкерлігі тауық етін – 500, сүйегінен ажыратылған құс етін - 900, халалданған балапан етін - 700 теңгеден сатып, халықтың көңілінен шықты.

Жәрмеңкеде сондай-ақ картоп -130, жуа – 100, сәбіз – 150, баклажан – 1000, қырыққабат – 100, қияр – 500, қызанақ – 500, алма – 380, апельсин – 500, мандарин – 400, жұмыртқа – 22, шұжық – 600 теңгеден жоғары, сүт – 250, қазы – 2500 теңге, сиыр мен жылқы еттері – 1600 теңгеден саудаланып жатты. Ал, жергілікті жанбайлық Гүлбағыш Жағыпашова өз өнімдерінен қаймақты – 2500, айранды – 250, шұбатты – 1000, сүзбені – 500 теңгеден сатты.

Қыдыржан Ермұханов, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы

- Жәрмеңкеге биыл әр ауданнан балық, ет, сүт өнімдерін өндірушілерді шақырдық. Мысалы, көршілес аудандарда мұндай жәрмеңке өтпейді. Негізінен сатылымға шыққан өнімдер құжаттары түгел болуы тиіс. Алдағы уақытта жәрмеңке үшін арнайы орын салу жоспарлануда. Егер жаңа орын салынып, іске қосылса, бәрі де заңды түрде болатынына сенім мол. Өйткені бұл орын санитарлық талапқа сай емес, әрі халыққа тиімсіздеу.

Айгүл Исанова, сатушы

- Батыс Қазақстан облысынан «Құрмет» шаруа қожалығының өнімдерін әкелдік. Айран, сүт, құрт, талқан, тары сатумен айналысамыз. Ауданға биыл төртінші жыл қатарынан келіп отырмын. Әрине, сауда болғасын бағаның кейде құбылып тұратыны бар.Соған қарамастан айранның 1,5 литрін 300 теңгеден, талқан, тарының келісін 300 теңгеден, құртты 50-60 теңгеден арзан бағаға сатудамыз.

Тоқташ Жұмалиева, Аққыстау ауылының тұрғыны

- Жәрмеңкеге үнемі қатысып келемін. Дүкенмен салыстырғанда, баға бұл жерде едәуір төмен. Сондықтан той-томалақтар мен қонақтықтарға қажетті азық-түлікті осы жерден аламыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521