«Атырау - Ақпарат» медиахолдингі бас директоры жаңа бас редакторды ұжымға таныстырып, сәттілік тіледі.
«Сарайшық» ұлт руханиятының өзегі. Бүгінде басылым әдеби ортаның іздеп жүріп оқитын журналына айналды. Ендігі мақсат - журналды жаңа биік деңгейіне көтеру» деп атап өтті «Атырау - Ақпарат» медиахолдингі бас директоры Ысқақ Егембердиев.
«Сарайшық» әдеби- мәдени журналы өткен жылдан бері шыға бастады. Еске сала кетелік, Гүлзада Ниетқалиева - Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, елге танымал ақын, бірнеше поэзиялық шығармалар авторы. Оның кей еңбектері әлем елдерінің тіліне аударылған.