Белгілі журналист «Нарын таңындағы» мақалаға баға берді

Белгілі журналист, қарымды қаламгер, жазушы Қайнар Олжай атыраулық журналистерге арнап шеберлік сабағын өткізді.

"Атырау-Ақпарат" медиасеріктестігіне қарасты екі облыстық, жеті аудандық газеттің шығармашылық ұжымы қатысқан семинарда спикер оқылымды мақалалар жазудың жолдарын түсіндіріп, ондағы жіберілетін қарапайым қателерге назар аударды.

- Қай мақаланың да өз формуласы болуы керек. Оны құру үшін әр журналист материалды қағаз бетіне түсірмей тұрып ойша жоспарлап алуы тиіс, - деген тәжірибелі журналист материалдарды редакциялаудың да қыр-сырына қанықтырды.

Тақырыптарға да талдау жасалды. Қайнар Олжай жиыннан бұрын облыстық, аудандық газеттерді қысқаша шолып шыққан екен.

Дәріс барысында аудандық басылымдардың салмағын да саралай кеткен ол өзіміздің "Нарын таңы" газетіндегі сәтті қойылған мақала тақырыбын басқа басылымдарға мысалға келтірді. Тілшіміз Ж.Дәулетиярдың газеттің соңғы санындағы ұлттың айрықша қасиеттерін айшықтайтын көлемді мақаласының "Бөрікті бөлек көрген бұрынғылар" деп аталуы білікті журналиске ерекше әсер етіпті.

Семинарда журналистер көкейлеріндегі сұрақтарын жолдап, тұшымды жауап алды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521