Береке бастауы – бірлік

«Бірлік бар жерде - тірлік бар» дегенді дана халқымыз текке айта салмаса керек.

Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Еліміздегі қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының үйлесімі нәтижесінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. 1 мамыр - Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі.

Еліміздің барлық өңірлерінде тойланатын бұл мерекенің мақсаты - ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған - ынтымағы мен бірлігі. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. 1995 жыл¬дың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық тату¬лық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халқы Ас¬самблеясы құрылды. Бұл - ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.

Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаң¬ғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қам¬қорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғам¬дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қаты-настарды реттеудің тиімді тетік¬терін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Қазіргі аумалы-төкпелі заманда айрандай ұйып отырған қаншама елдерде соғыс өрті тұтануда.

Ұлт пен ұлт, тайпа мен тайпа немесе әртүрлі көзқарастардағы адамдар арасында алауыздықтар туындап, қаншама елдердің ойраны шығуда. Мысалға алсақ Сирия, Ирак, Ливия, Мьянма, Иемен, Европа елдеріндегі босқындар жағдайы, біршама Африка елдеріндегі қиын жағдайларды атап айтуға болады. Сондықтанда еліміздегі қазіргі таңдағы бейбіт тірлігіміз ұзағынан болғай. Ең бастысы – көп ұлт мекен еткен қазақ жерінің киелі топырағы, қойнауындағы қазынасы құндылығын айқара ашқан әрбір сәбидің бойында «Туған жер – Отаным» деген қасиетті ұран ана сүтімен бойына таралып, әке үнімен қайраттанып, білім нәрімен толысып жатса, жер, ел қадірін бағалау ойы мен санасының төрінен орын алып, ар-намысының алдында жауапты болып, ер жетіп жатса, көп ұлтты жеріміз, көпсалалы, көптілеулі көпшіліктің біртұтас мақсаты мен арманын нағыз жүзеге асыратын бір ғана арналы «Бейбіт әлемі» кәусар бұлағы болары анық.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір кешуімізге бәріміз жұмыла атсалысайық.

Серікқали ӘУБЕКЕРОВ,

аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521