Береке ықшамауданында жоғалып кеткен азаматқа іздеу салынуда

Ағымдағы жылғы 6 шілдеде сағат 12:15-те Атырау қаласының Береке ықшамауданында 1979 жылы туылған азамат А.У.Дүйсембиевтің жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Жолдасының айтуы бойынша, 1 шілде күні, сағат 22:35-те жоғалып кеткен азамат үйден белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған.

Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстарын Атырау облысы ТЖД "Жедел-құтқару жасағының" 10 қызметкері, 2 бірлік техника және 1 кинологиялық есебі жүргізуде.

Егер сіз осы адамды көрсеңіз немесе ол туралы қандай да бір ақпарат болса, сізден "112" немесе 45-00-00 нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Үйден шықпас бұрын, туған-туыстарыңызға қай жерге баратыныңызды және қайту уақыты туралы хабарлаңыз. Мұндай жағдайда, егер оқыс оқиға орын алса, "жедел құтқару жасағы" тез арада іздестіруді бастай алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT