Бесікті тұрғындары белсенді

Қайыршақты ауылдық округі бойынша 6 референдум учаскесі бар.

Соның бірі – Бесікті мектеп-интернатының ғимаратында орналасқан №65 референдум учаскесінде 913 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде қарт сайлаушылардың саны – 18, мүмкіндігі шектеулі тұрғындар саны – 3, жас дауыс беруші саны – 5.

Референдум басталғалы 368 адам дауыс берді. Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Лида Кушенованың айтуынша, ауыл тұрғындары саяси маңызды шараға белсенді қатысып жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT