Білікті дәнекерлеуші – сапалы еңбектің кепілі

 

2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама – еңбек адамының мәртебесін көтеріп, жұмысшы кәсіптердің қоғамдағы маңызын арттыруға бағытталған.

Осы орайда еліміздің өндіріс орындарында ерекше сұранысқа ие мамандықтардың бірі – дәнекерлеуші (сварщик).

Дәнекерлеуші – металл конструкцияларды біріктіріп, құрылыс, машина жасау, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларында маңызды рөл атқаратын білікті маман.

Дәнекерлеушінің еңбегі – көзге көп көріне бермейтін, бірақ кез келген нысанның беріктігі мен қауіпсіздігі соның қолынан өтетін жауапты іс.

Бүгінде жаңа технологиялар мен заманауи жабдықтарды меңгерген дәнекерлеушілер ел экономикасының дамуына айрықша үлес қосып келеді.

Жұмысшы мамандықтар жылының аясында дәнекерлеуші кәсібін меңгеріп жүрген жастардың кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибесін тереңдету және еңбекке деген құрметін күшейту бағытында түрлі оқу-тәжірибелік сабақтар, байқаулар мен шеберлік сағаттары өткізіліп жатыр.

Еңбекқор дәнекерлеушілердің қолымен тұрғызылған әрбір құрылым – ел дамуының белгісі, ал олардың маңдай тері – Тәуелсіз Қазақстанның тірегі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT