Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім жәні ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.

20 маусым мен 25 тамыз аралығында колледждерге құжаттар қабылданады. Биыл қабылдау емтихандары өткізілмейді, конкурс аттестаттың міндетті және бейінді пәндерінің жиынтық балы бойынша жүргізіледі. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар үшін арнайы конкурстар өткізіледі.

13-20 шілде аралығында мемлекеттік білім гранттары конкурсына құжаттарды қабылдау басталады.

Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты, медициналық анықтамаларды кейін, оқу жылы басталғанға дейін өткізуге рұқсат етілді.

inform.kz

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика