Бірыңғай уақыт белдеуі: тұрғындар қандай пікірде?

Votes

29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстанның 17 өңірі мен үш республикалық маңызы бар қаласы сағат тілін бір сағат артқа ауыстырылған болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Осылайшабарлық аймақта қазір бір уақыт енгізілген және бүкіл ел UTC +5 уақыт белдеуінде болады. Бұған дейін Қазақстанда екі уақыт белдеуі жұмыс істеген - UTC+5 және UTC+6. Біз тұрғындардан Бірыңғай уақыт белдеуіне қалай қарайтындықтарын сұрап көрген едік.

Атырауда жұмыс істейтін Алматы тұрғыны Нұргүл Сағындықова осы жылдың наурыз айынан бастап қазақстандықтар табиғи уақыт режиміне сәйкес өмір сүре бастағанын және қазір бейімделу процесі жүріп жатқанын атап өтті.

"Менің ойымша, қазір бейімделу жүріп жатыр. Біз физикалық фактордың ағзаға әсерін өткеріп жатырмыз. Дегенмен, біздің биоритмдеріміз жаңа факторларға бейімделеді және биологиялық сағаттарымыз да өз бетімен жұмыс жасайды. Біз әртүрліміз, сәйкесінше бейімделу процесі де түрлі жолмен жүріп жатыр" дейді ол.

Жергілікті кәсіпкер Болат Кульчиев адам биоритмдерінің бұзылуына байлансты электр энергиясы көбірек жұмсалатынын жасырмайды. Бірақ, оның ойынша, артықшылықтар да жоқ емес, бұл логистика мен көлік қатынасын жеңілдетедібизнеске де ыңғайлы және коммуникация саласын да едәуір жеңілдетеді.

Зейнеткер Алпамыс Хасанов Қазақстанда уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы емес.

- Мен бұл туралы көп оқыдым, сондықтан қазақстандық ғалымдардың бірі бүкіл аумақта біртұтас уақытты қолданған Қытайды мысалға келтіргені бар. Оның айтуынша, халықтың көпшілігі  студенттер де, ересектер де шамамен сағат 22:00 шамасында жарықты сөндіріп6:00-де тұрады. Бұл тәжірибе бүкіл әлемде кеңінен қолданылады. Мен зейнеткер ретінде бұл тәжірибені жақсы көремін, ерте ұйықтаперте тұрамын, - деп күледі ақсақал. - Менің немерелерім Алматыда тұрады, жиі қоңырау шалып, жолға да шығамын. Бұрын пойызға немесе ұшаққа отыратын кезімде шатасатынмын, ал, қазір тіптен оңай.

Ирина Мезинцева жұмыс бабымен Астанадағы кеңсемен жиі сөйлесетінін айтады.

"Шынымды айтсам, іскерлік келіссөздер жүргізу, хат алмасу, әрине, қазір оңайырақ болды, себебі, уақыт бірдей. Егер бізді басқа уақыт белдеуіне ауыстырса, қалай болатынын білмеймін, бұл басқа мәселе. Ал, маған бірыңғай уақыт белдеуі өте тиімді" дейді қала тұрғыны. 

– Ғалымдар мен министрлер уақыт белдеуін өзгерту ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орынды екенін алға тартады, - дейді қала тұрғыны Сәуле Мұхитова.  Албұл туралы Қостанай және Қызылорда облыстарының тұрғындары бірнеше жыл бойы осы мәселені көтеріп келген. Менің ойымша, Үкімет мұндай маңызды шешімдерді тектен-тек қабылдамайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан UTC+5 Бірыңғай уақыт белдеуінде 2024 жылдың 1 наурызынан бастап көше бастады. 22 сәуірде уақытты ауыстыруды тоқтату туралы өтініш берілді. 7 маусымда ол қарауға қажетті дауыс санын жинады - 50 мыңКейінірек, 21 маусымда уақыт белдеуіне қатысты петицияны қарау бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. 12 қарашада Қазақстан Энергетика министрлігі Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу электр энергиясын тұтыну кестесінде елеулі өзгерістерге әкелмегенін мәлімдеді.

Мәдина Серікқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT