Біржолғы зейнетақы төлемін алу қарқыны 5,5 есе баяулады

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаевтың мәлімдеуінше, қазақстандықтардың біржолғы зейнетақы өлемін алу қарқыны 5,5 есе баяулаған.

Ол бұл туралы Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бері зейнетақы жинақтарын алу қарқынының төмендеуі аясында 52 млрд теңгеге немесе 0,4%-ға ұлғайып, тамыздың соңында 12,9 трлн теңгені құрады. Мысалы, қаражатты ай сайынғы алу көлемі ақпан айындағы 643 млрд теңгеден тамыз айында 118 млрд теңгеге дейін немесе 5,5 есе баяулады», - деген Ұлттық банк төрағасы салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу сомасы 1,8 трлн теңгеге жеткенін атады.

Яғни, 449,3 мың өтініш қанағаттандырылған. Оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешуге 1 765 млрд теңге жұмсалған. Жалпы 8 айдың қорытындысы бойынша елдегі 5,8% инфляция болса, зейнетақы жинағының кіріс деңгейі 7,6% болған.

 

 



ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521