Биыл елімізде құжаттарды жасатудың құны қандай болады?

Қазақстанда құжат алу үшін мемлекеттік баж төлеу керек, ал мемлекеттік баж жыл сайын өзгеретін айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне (АЕК) байланысты, деп хабарлайды ATPress.kz.

1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемі 2 917 теңгеге дейін өсті.

Паспорт алуға мемлекеттік баж салығы – 8 АЕК немесе 23 336 теңге.

Жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 583,4 теңге. Әдетте құжаттарды алу мерзімі - 15 күн.

Бірақ қосымша ақы төлеп, құжаттарды жедел алуға болады.

Қазақстанда туу туралы куәлік баланы тіркеу кезінде тегін беріледі.

Акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру – 0,5 АЕК немесе 1 458,5 теңге.

Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығы – 1,25 АЕК немесе 3 646 теңге.

Неке қию құны – 1 АЕК немесе 2 917 теңге.

Ажырасуға өтініш беру – 2 АЕК немесе 5 834 теңге.

ATPress.kz

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521