Биыл интернет алаяқтық 30 пайызға өскен

0 votes

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының кибер қылмысқа қарсы күрес тобының аға жедел уәкілі Асхат Нұрманов баспасөз брифингінде мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

 

Құпия ақпаратқа қол жеткізу, онлайн қызмет көрсету, тауарларды онлайн сатып алу және жалған банктер мен ұялы байланыс операторларынан хабарлама жіберу – интернет арқылы қылмыс жасайтындардың негізгі әдістері. Жыл басынан бері облыс көлемінде мұндай заңбұзушылықтың 920-сы тіркелген.

 

- Облыста интернет алаяқтықтың алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Алайда заңбұзушылықтар азаяр емес. Оған алаяқтардың басқа мемлекетте болуы себеп. Және олар жаңа хакерлік қосымшаларды пайдалануда. Қазіргі уақытта анықталған қылмыстың 106-сы сотқа жолданып, қалғаны тергеліп жатыр. Көбіне алаяқтарға құрбан болатындардың басым бөлігі 25-45 жас аралығында болады, - деді А.Нұрманов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT