Биыл Исатай ауданында 11,6 шақырым ауылішілік және 4,9 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынды

0 votes

Атап айтсақ,Тұщықұдық ауылында 8,6 км автокөлік және 4,9 км жаяу жүргіншілер жолы салынып, Х.Ерғалиев ауылында 3 шақырым автожолдың негізгі қабаты төселді. Бұл туралы аудандық ТҮКШ жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерболат Махашов мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Х. Ерғалиев ауылының 3 шақырым жолына асфальттің соңғы қабаты келесі жылы төселеді. Келер жылы Аққыстау ауылында 16,2 , Исатай ауылында 8, Жанбай ауылында 9,5 шақырым жолды қайта жаңғырту жұмыстары жүреді. Сонымен қатар, Х.Ерғалиев ауылына 14,9 шақырым тасжол мен 5 шақырым жаяу жүргінші жолын салу үшін жобалау сметалық құжаты дайын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT