АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 103 407,2 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Ведомство деректеріне қарағанда, есепті кезеңде Қазақстанның экспорты 57 500,4 млн АҚШ долларына жеткен.
Экспорт бағыттары бойынша негізгі сауда серіктестер:
• Италия — 21%,
• Қытай — 18,8%,
• Ресей — 10,3%,
• Нидерланд — 7,6%,
• Түркия — 4,8%,
• Өзбекстан — 4,4%.
Экспорт құрылымындағы ең үлкен үлес шикі мұнай және мұнай өнімдеріне, мыс және мыс қорытпаларына, радиоактивті элементтерге, кен мен мыс концентраттарына тиесілі.
Импорт көлемі 2025 жылдың тоғыз айында 45 906,8 млн АҚШ долларын құрады.
Импорт бойынша негізгі серіктес елдер:
• Қытай — 29,5%,
• Ресей — 29,1%,
• Германия — 4,5%,
• АҚШ — 3,6%,
• Корея Республикасы — 3,6%,
• Франция — 2,5%.
Импорт құрылымында ең көп әкелінетін тауарлар қатарында жеңіл автомобильдер, дәрілік препараттар, көлік кузовтары, телефон аппараттары және басқа да өнеркәсіптік тауарлар бар.
Айта кетейік, Үкіметте Сыртқы сауданы реттеу және ішкі нарықты қорғау мәселесі бойынша бірнеше шешім қабылданды.

