Биыл әлеуметтік маңызы бар көкөністердің көлемі 50 мың тоннаға жетпек

 

Атырауда егін өнімдерін жинау науқаны жалғасуда. Бүгінде 120 мың тоннасы алынған,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

- Егін жинау маусымының 70%-ы аяқталды. Ендігі жұмыс қазан-қараша айларында толық бітеді. Жергілікті шаруалар алдымен облыс халқын толықтай қамтамасыз етіп, кейін басқа өңірлерге жеткізеді. Әзірге ауа райының қолайлығынан жұмыс қарқыны жақсы жүруде,- деді облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Азат Қапанов. 

2025-2026 жылдарға тұрақтандыру қорымен әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне кіретін өнімдердің бағасын реттеу мақсатында маусымаралық кезеңге келісім шарт жасақталған. 

Соған сәйкес картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз дақылдарының көлемі елу мың тоннаға жетсе, облыс халқынның  қажеттілігі 100% орындалады деп жоспарлануда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT