Биыл Қазақстанда қандай жолдар жөнделеді?

2020 жылы Қазақстанда бірнеше автожол пайда болады.

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, автожолдарға бюджеттен 400 миллиард теңге бөлінді.

"4 мың шақырымға созылған автожолдар пайда болады - Қарағанды - Балқаш, Ақтөбе - Атырау - Астрахан, Талдықорған - Өскемен, Қалбатау - Майқапшағай, Көкшетау - Петропавл, Ұзынағаш - Отар, Мереке - Бурылбайтал, Қостанай- Денисовка, Үшарал - Достық" деді Қамалиев.

Оның айтуынша, Талдықорған - Өскемен автожолы 763 шақырымға, Қарағанды - Балқаш - Қапшағай автожолы 645 шақырымға, Қалбатау - Майқапшағай 415, Ақтөбе - Атырау - Астрахан - 279, Мереке - Бурылбайтал - 266 , Үшарал - Достық - 60, Ұзынағаш - Отар - 56, Қостанай- Денисовка автожолы 60 шақырымға созылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT