Биыл тоғыз айда облыстағы ауылшаруашылық өнімінің көлемі 105,3 млрд теңгені құрады

Биыл қаңтар және қыркүйек айларының аралығында облыстағы ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 105,3 млрд теңгені құрады. Аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға артып отыр. Бұл туралы ҚР-ның Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Құмарғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сонымен қатар департамент басшысы брифинг барысында көрсеткіштің ұлғаюына әсер еткен факторлар жайлы сөз етті.

- Жалпы нақты көлем индексінің өсуіне көбінесе әсер еткен мал шаруашылығы өнімінің 2,5%-ға ұлғаюы болды. Ал мал шаруашылығы өнімнің нақты көлем индексінің ұлғаюына Қызылқоға және Құрманғазы аудандарының ауылшаруашылық кәсіпорындары, сондай-ақ аудандардың шаруа фермерлік қожалықтарындағы ет пен сүт өндірісінің ұлғаюы әсер етіп отыр, - деді Н.Құмарғалиев.

Сондай-ақ ол биыл қаңтар және қыркүйек айлары аралығында құс басының азаюына байланысты жұмыртқа өндірісі 5 млн 154 мың 500 дана құрап, 73%-ға төмендеді. Алайда мал саны динамикасы бойынша соңғы 5 жылда ірі қара мал, жылқы және ешкі бастарының өсуін көруге болатынын атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT