Биыл үшінші рет ұлттық халық санағы өтеді

Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда халық санағы 1999 және 2009 жылдары өткізілген болатын.

Биыл үшінші рет «Қазақстанда әркім маңызды!» деген ұранмен өткелі отыр. Әлемдік деректермен салыстыру бағытында санақ он жылда бір жүргізіледі, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әлемде коронавирустық инфекцияның таралуына орай, ел Үкіметі ұлттық халық санағын биылғы қазанға ауыстырды. Санақ дайындық (маусым) және негізгі кезеңнен тұрады.

– Дайындық кезеңінде интервьюерлер тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың, құрылыстардың тізбесін жасақтап, ондағы тұрғындардың санын анықтау үшін әр елдімекенді аралайды. Тұрғылықты аумақтар нұсқаушылық және есептік учаскелерге бөлінеді, бұл «санақты аудандастыру» деп аталады. Жалпы, аймақтан 207 адам санақ жұмыстарына тартылды. Олар ​ жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жоғары курс студенттері, еріктілер корпусының мүшелері, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыссыз азаматтар қатарынан іріктеліп отыр.

Еліміздегі ең маңызды науқанға 2018-2021 жылдары республикалық бюджеттен 193 млн. теңгеден астам қаражат қарастырылса, оның ішінде биылға 168,8 млн. теңге бөлінген. Соның 146,6​ млн. теңгесі (87%-ы) санақ персоналының еңбекақысын өтеуге жұмсалмақ, - деген спикер атыраулықтарды санақ үрдісіне белсенді қатысуға шақырды.

Айта кетейік, дайындық кезеңінде санақ персоналы Статистика департаменті берілген куәлік негізінде қоғамдық көлікте тегін жүреді. Бұл бағытта Атырау қаласының әкімдігі қолдау білдірген. ​

Ал, санақтың негізгі кезеңі 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді. Осы орайда, ақпарат жинаудың екі әдісі қолданылады.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Біріншісі – 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында www.sanaq.gov.kz сайтында өтетін онлайн режим. Екіншісі –​ 1-30 қазан аралығында планшет арқылы интервьюерлердің респонденттерге сауал салуы арқылы электрондық санақ парақтарын толтыру. Сондай-ақ, «Aitu» мобильді қосымшасы арқылы да кез келген браузерден www.sanaq.gov.kz сайтына өтуге болады.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика