Биыл зейнетке алты ай кешігіп шығады

2014 жылы 18 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы бекітіліп, зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы базалық білім беру арқылы қаржылық сауаттылықты арттыруда жүйелі жұмыстар жүргізу тапсырылған болатын.

Осы міндетті жүзеге асыру шеңберінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Атырау облыстық филиалы облыс әкімімен Меморандумға қол қойған. Осыған орай дүйсенбі күні жоғарыда аталған филиал мамандары аудандық әкімдіктің мәжіліс залында жиын өткізді.

Алдымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Атырау облыстық филиалының Барып қызмет көрсету бөлімінің бастығы Гүлайым Боранбаева зейнетақы жүйесін жаңғырту негіздері, мобильді кеңседе пайдаланылатын автокөлік пен жабдық сипаттамасы және барып қызмет көрсету бойынша ұсынылатын қызметтер тізбесі жайында кеңінен мағлұмат берді. Ал, аталған филиал директорының орынбасары Қарлығаш Жансариева жаңа жүйе бойынша базалық зейнетақыны қайта есептеу үшін 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі еңбек кітапшасы бойынша есептелсе, 1998 жылдан бастап жинақтаушы зейнетақы қорына түскен зейнетақы жарналары бойынша есептелінетінін, биылдан бастап 1960 жылы 1 қаңтардан 30 маусым аралығында туған әйелдер зейнеткерлікке 58 жас 6 айда, яғни, 10 жыл бойы әйелдерге 6 айдан қосылып, 2027 жылы барлық әйел зейнеткерлікке 63 жастан шығатынын айтты.

Әйгерім Құбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521