Биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында 9 мектептің құрылысы басталды – С. Шәпкенов

(0 Votes)

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, 1200 және 300 орындық екі мектеп ашылды. Жыл соңына дейін Водников ауылында 1200 орындық тағы бір мектептің құрылысы аяқталады.

 «Келесі жылы қалған 6 мектептің құрылысы аяқталады. 2026 жылға қарай тағы 3 білім ордасын пайдалануға береміз», - деді өңір басшысы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, облыстағы үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешу бойынша нақты жоспар бар. Өңірде 4200 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді. Алдағы екі жылда 27 мектеп тапсырылады, нәтижесінде 2027 жылға қарай 9 үш ауысымдық және 4 апатты мектептің мәселесі түбегейлі шешіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT