«Біз қар тазалауға шықтық». А.Жаилғанова еріктілер қызметін дамытуға шақырды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Еріктілер жылы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында #Игіістеруақыты бастамасы жайлы хабарлады.

А.Жаилғанова еріктілер қозғалысын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік қызметшілерді оған белсенді қатысуға шақырды.

e

«Биылғы жыл, өздеріңізге белгілі Еріктілер жылы деп Президентіміз бастама жасады. Былтырғы жыл Жастар жылы болса, биыл бізде Еріктілер жылы. Ендеше біздің Мемлекеттік қызмет істері агенттігі де осыған атсалысайын деп жатыр. Мысалы, бүгін біз қар тазалауға шықтық, өзіміздің көмегімізді көрсеткіміз келеді. Осы қаламыздың таза болуы үшін, парктың таза болуы үшін. Адамдарға осы парктың ішінде демалып жүруге, серуендеуге жағдай жасау үшін.

Біз бүкіл агенттігімізбен осындай игілікті іске атсалысайық деп шешім қабылдадық.

eric-3

Біздің Агенттік осы жылдың аяғына дейін әр апта сайын халыққа, қоғамға жақсы әсерін тигізетін бір істер жасайтын болады. Сондықтан, осы жылды тек қана Еріктілер жылы емес, игі істер уақыты деп білеміз. Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің бізді қолдауларын сұраймын. Егер барлығымыз жақсылықта бірлесетін болсақ, біз үлкен күшпіз және үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын».

eric-qar-q

Жеңіс пен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында орналасқан «Ақжайық» саябағы бір жарым гектарды алып жатыр. Ұлы Отан соғысының батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған саябақты Нұр-Сұлтан қаласының 20 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысы салған. Биыл - Жеңістің 75 жылдығы. Сондықтан қар жинау орнын таңдау кездейсоқтық емес. Қала тұрғындары ағымдағы қыста қар құрсауында қалған саябақтың жүгіру алаңын белсенді пайдаланады.

eric-qoz03

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері қала тұрғындарына саябақ аумағын кедергісіз өтуге мүмкіндік беретін барлық периметрі бойынша жүгіру алаңын қардан тазалады.

ericti-03

Бұдан бұрын, Агенттіктің елордалық департаментінің қызметкерлері толассыз жауған қардан кейін жеке секторда тұратын жалғыз басты қарт адамдарға қарды тазалауға көмектесті. Сол кезде ұжымның әйелдер қауымы таңертеңнен ауа райының қолайсыздығына қарсы күреске шыққан коммуналдық қызмет қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521