Бізді маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғалар жылы күтіп тұр

Бүгін жария болған Президент Жолдауы көкейде жүрген сан сауалға жауап тапты.

Әсіресе Мемлекет басшысының Тәуелсіздік алғаннан кейін мәртебесі бір көтеріліп, соңғы кезде қайтадан шұбарланып бара жатқан мемлекеттік тіл мәселесін көтергені маған ерекше әсер етті. Өйткені, сайып келгенде, тіл мәртебесі - ел мәртебесі. "Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек.

«Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн. Белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет деп санаймын. Сондықтан, жақын арада Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеп, қабылдауымыз керек. Келер жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталды. Ендігі жылы бәріміз Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз» деген Президентіміз тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеу мақсатында ұйымдастырылатын мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол берілмеу қажеттігін баса айтты.

Тілін, ділін құрмет тұтып, тұлғаларын қадірлей білген елдің болашағы жарқын болары сөзсіз. Ол үшін Мемлекет басшысының осынау оң бастамаларын көп болып жұмыла қолдауымыз қажет.

Әлібек СЕМҒАЛИЕВ,

Атырау қалалық мәслихатының депутаты.

«Сазанқұрақ» ЖШС директорының орынбасары, Исатай ауданының Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521