Бізге қауіп қайдан?

Өткен апта ішінде ауданымызда облыстық дін істері басқармасы ақпараттық талдау орталығының тапсырысы негізінде «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Зайырлы мемлекет және жоғары руханият – біртұтас ұлт тұғырнамасы» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.

Бұл курсқа мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдары қызметкерлері, дінтану пәнінің мұғалімдері және аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты. «Ақпараттық талдау орталығының» басшысы М.Құбышев шараны ашып, дін саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын аудандық мекемелердегі қызметкерлерге курсты ұйымдастырудағы мақсат пен міндеттер жөнінде айтып өтті. - Семинардың мақсаты – сала қызметкерлерінің діни сауаттылықтарын арттыру, зайырлылық қағидаттарын насихаттап, дін саласындағы өзекті мәселелерді ашып көрсету, - деді ол. Осынау шараға арнайы шақыртылған дін істері комитеті дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы директорының орынбасары Ж.Аханов сала бо-йынша мемлекеттік саясаттың бағыт-бағдары мен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру, зайырлы мемлекеттің болмысына тән қағидалары мәселелеріне ерекше тоқталып, дін саласына қатысты заң жобаларына да түсініктер берді. Сонымен қатар, семинар барысында дәріскер өзге де қауіпті діни ағымдар турасында да ой қозғап, мемлекетімізде дінге қатысты кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар енгізілгенін, ондай өзгерістердің еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығын нығайту үшін маңызының зор екеніне тоқталды. Аталмыш курс нәтижесінде шараға қатысқандарға ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар тапсырылды. Осындай курс бұдан бұрын Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында өткен болатын.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

Суреттерді түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521