«Бизнес кеңесші» кеңес берді

Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Исатай ауданы бойынша филиалының ұйымдастыруымен 26-27 сәуір күндері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін қысқа мерзімді күнтізбелік екі күндік оқыту семинары өтті.

Оқыту барысында шағын және орта кәсіпкерлік субъктілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері бойынша оқу материалдары, құжаттардың стандартты пакеті, оның ішінде бизнес жоспарлар, қаржыландыруды көздеуге арналған құжат үлгілері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, инновация-ларды енгізу саласындағы халық-аралыық тәжірибе, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалары берілді. 3-4 жыл қатарынан үзбей өтіп келе жатқан тегін түрдегі оқуға ауданымыздағы кәсіп ашуға ниетті 35 адам қатысып, олар-ға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының тренерлері Ақан Қайырғалиев пен Ербол Қайранбаев дәріс берді.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521