Бәйгетөбе ауылынан Жастар саябағы салынбақ

Биыл аудан тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге аспақ, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Соның бірі - Бәйгетөбе ауылынан салынатын Жастар саябағы. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, ғимараттың жалпы аумағы – 2040 м2. Саябақта жаяу жүргіншілер жолы мен демалыс орындықтары, жарық шамдары қарастырылған.

 

Одан бөлек, жаңбыр мен еріген суды жаяу жүргіншілер жолынан төгу үшін жол жиегінде үзіліс тас жасалмақ. Сондай-ақ, аумағына 152 тал отырғызылып, көгалдандырылатын болады. Бұл жастарға арналған саябақ ауданға қосымша көрік беріп, жастардың демалысын жақсы өткізуге таптырмас орын болары анық.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT